«Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларенгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 22 қарашадағы № 330-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35129 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес таңбалануға жататын тауарлардың тізбесі және оны енгізу күні айқындалсын.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Таңбалануға жататын тауарлар тізбесі осы бұйрыққа қосымшасы:
1) тармақша 2025 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
1) реттiк нөмiрі 36 жолымен толықтырылсын:
«
| 36. | 0507 90 000 0 | Өңделмеген немесе бастапқы өңдеуден өткен, бірақ пішінге келтірілмеген тасбақалардың сауыттары, киттің мұрты және кит мұртынан жасалған қылтанақтар, мүйіздер, бұғы мүйіздері, тұяқтар, тырнақтар, аяқ тырнақтары мен тұмсықтары; осы өнімдердің ұнтағы мен қалдықтары | 2025 жылғы 1 желтоқсан**** |
»;
2) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: